Жаңалықтар

image description
icon

ӘДІСТЕМЕЛІК КҮН: ШАЛҚАР ЖӘНЕ МӘРТӨК АУДАНДАРЫ

Шалқар және Мәртөк аудандарының педагог-психологтарына әдістемелік күн өтті. Оған «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының директоры Меруерт Жұбандықова бастаған әкімшілік құрам қатысты.

Мақсат — психологиялық сүйемелдеуді жетілдіру және нормативтік құжаттар негізінде жұмысты жүйелеу.

Қатысушыларға буллингтің алдын алу, зорлық-зомбылыққа, буллингке, кибербуллингке ұшыраған балаларды ерте анықтау және психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі туралы бұйрықтар таныстырылды.

Іс-шара қауіпсіз әрі қолайлы психологиялық ортаны қалыптастыруға сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және олардың әл-ауқатын арттыруға бағытталды.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап