МӘСЕЛЕНІ ШЕШУ ЖӘНЕ ДҰРЫС ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Ботагөз Қосмағамбетова мен психолог Жұлдыз Ибашева №13 орта мектебінде педагогикалық-психологиялық қолдау қызметін жетілдіруге әдістемелік көмек көрсетіп, 10-11-сынып оқушыларына арналған «Өмірлік дағдылар: мәселені шешу және дұрыс шешім қабылдау» тақырыбында тренинг өткізді.
Мақсат — оқушылардың өмірлік дағдыларын дамыту, мәселені тиімді шешу және саналы, жауапты шешім қабылдау қабілеттерін қалыптастыру.
Тренинг барысында мәселені шешу кезеңдері түсіндіріліп, оқушылар шағын топтарда өмірлік жағдаяттарды талдады.
Қатысушылар «ҰБТ алдындағы қобалжу», «Таңдау және жауапкершілік», «Салдарын болжау», «Менің құндылықтарым» жаттығулары арқылы өз ойларын білдіріп, ортақ шешім қабылдау дағдыларын жетілдірді.
Жаттығу барысында білім алушылар белсенділік танытып, тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.