Жаңалықтар

image description
icon

АУТОДЕСТРУКТИВТІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскерлері Ботагөз Қосмағамбетова мен Нұргүл Қалданова №13 орта мектеп педагогтеріне «Жасөспірімдердегі аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алудағы педагогтің рөлі» тақырыбында семинар-практикум өткізді.

Мақсат — білім беру ұйымдарында жасөспірімдердің психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тәуекел факторларын ерте анықтау және педагогтердің алдын алу жұмыстары бойынша кәсіби құзыреттілігін арттыру. 

Іс-шара барысында ұстаздарға аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған нормативтік-құқықтық құжаттар таныстырылып, соның ішінде №386 бұйрықтың мазмұны мен талаптары түсіндірілді. Педагогтерге жасөспірімдердің эмоционалдық жағдайын бақылау, қолдау көрсету, қауіп белгілерін дер кезінде анықтау және тиісті мамандармен бірлесе жұмыс жүргізу жолдары туралы ақпарат берілді.

Практикалық бөлімде қатысушылармен топтық терапия элементтері қолданылып, түрлі психологиялық ойындар мен жаттығулар өткізілді. Жаттығулар педагогтердің өзара сенімін арттыруға, эмоционалдық күйзелісті төмендетуге, сондай-ақ оқушылармен жұмыс барысында қолдануға болатын тиімді әдістерді меңгеруге бағытталды.

Семинар соңында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, іс-шараның мазмұны мен практикалық маңыздылығын атап өтті. Педагогтер жасөспірімдердің психологиялық әл-ауқатын қолдауда бірлескен жұмыстың маңыздылығын түсініп, алдағы уақытта алынған тәжірибені оқу-тәрбие процесінде қолдануға дайын екендіктерін білдірді.


Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап