Жаңалықтар

image description
icon

АҚТӨБЕЛІК ПСИХОЛОГТЕР ІІІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ

11-13 наурыз аралығында Алматы қаласында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарының педагог-психологтеріне арналған республикалық «Үздік жыл психологі» байқауы өтті.

Іс-шара мақсаты — талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіби біліктілігі жоғары психологтарды анықтап, қолдау және ынталандыру.

Байқау қорытындысында 3-санатта (яғни 7 жылдан астам еңбек өтілі бар мамандар арасында) Ақтөбе облысының педагог-психологтері жүлделі III орынды иеленіп, облыс намысын қорғап, өңір мерейін үстем етті.

Атап айтсақ, олар — Шалқар қаласындағы №1 мектеп-гимназиясының педагог-психологі Тұрсын Аязбаева, Байғанин ауданындағы Қарауылкелді орта мектебінің педагог-психологі Ботакөз Шамбаева, Хромтау қаласындағы №6 мектеп-гимназиясының педагог-психологі Гүлжан Раймқұлова және Алға ауданындағы №4 Алға орта мектебінің педагог-психологі Галина Кочеткова.

Әріптестерімізді жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыстар мен кәсіби жетістіктер тілейміз!

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап