Жаңалықтар

image description
icon

ТОПТЫҚ ТЕРАПИЯ

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының «Ментор және мен» жас мамандар клубы аясында «Кәсіби рефлексия» тақырыбында топтық терапия өтті.

Мақсат — мамандарға өздерінің кәсіби тәжірибесін, іс-әрекетін, сезімдері мен ойларын талдауға мүмкіндік беріп, кәсіби дамуын қолдау және жұмыста кездесетін қиындықтарды тиімді шешу дағдыларын дамыту.

Іс-шара барысында орталық директоры Меруерт Жұбандықова жас маман қызметінің жауапкершілігіне тоқталды.

Орталық әдіскері, жоба жетекшісі Лаура Бердібекова «Кәсіби рефлексия» топтық терапиясының тиімділігі туралы айтты.

Орталық директорының орынбасары Медеухан Жасжанова мамандармен «Мен 40 жастамын» және Лаура Бердібекова «Құндылықтар дүкені» тақырыптарында топтық терапиялық жаттығулар жүргізді.

Орталық психологі Жұлдыз Ибашева қатысушылармен «Менің эмоциям» атты тренинг өткізді.

Іс-шара барысында мамандар «Кәсіби рефлексияның» негізгі мақсаттарын талқылап, тәжірибе алмасты.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап