МӘСЕЛЕНІ ШЕШУ ЖӘНЕ ДҰРЫС ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ
Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің 1-2-курс студенттеріне арналған «Өмірлік дағдылар: мәселені шешу және дұрыс шешім қабылдау» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды.
Мақсат — студенттердің өмірлік жағдайларда дұрыс бағыт таба білуіне көмектесіп, мәселені жан-жақты талдап, саналы әрі жауапты шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру.
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының психологі Нұргүл Қалданова білім алушыларға «Өмірлік дағдылар: мәселені шешу және дұрыс шешім қабылдау» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді, түрлі жағдаяттар талқыланып, мәселені шешудің тиімді жолдары қарастырылды.
Орталық психологі Жұлдыз Ибашева психологиялық жаттығулар ұйымдастырып, студенттердің белсенді қатысуына мүмкіндік жасады.
Шара соңында білім алушылар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, тренингтен алған әсерлерін жеткізді.