Жаңалықтар

image description
icon

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығында Ақтөбе қаласындағы білім беру ұйымдарының педагог-психологтері мен әлеуметтік педагогтарына арналған «Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қызмет тиімділігін арттыру: тәжірибе және өзекті мәселелер» тақырыбында әдістемелік күн өтті.

Іс-шараға қаламыздағы білім беру ұйымдарының педагог-психологтері мен әлеуметтік педагогтарына жауапты әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Ментай Телағысова және орталықтың әлеуметтік педагогі Алмажан Коғамбаева қатысты.

Орталық директоры Меруерт Жұбандықова білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қызметті ұйымдастыруға қатысты бірқатар маңызды нормативтік құжаттарға тоқталып, мамандарға бағыт-бағдар берді.

Ментай Телағысова «Психологиялық қолдау көрсету барысында мобильді топ жұмысын үйлестіру, тәуекел топтағы балалармен жұмыс жасау алгоритмі» тақырыбында баяндама жасап, мамандарға тиімді әдістемелік ұсыныстар айтты.

Сонымен қатар Алмажан Коғамбаева «Әлеуметтік педагог қызметін жүзеге асырудағы заманауи әдістемелік нұсқаулар мен қағидалар» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шара соңында қатысушыларға эмоционалдық серпіліс беріліп, ішкі ресурстарын нығайту мақсатында «Жақсы көңіл-күй — жақсы нәтиже» атты жаттығу өтті.

Жаттығу барысында мамандар өзара жағымды эмоциялармен бөлісіп, кәсіби қызметте жақсы көңіл-күйдің маңыздылығына назар аударды.


Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап