Жаңалықтар

image description
icon

«ИНСАЙТ» РЕСУРС КЛУБЫ: АҚТӨБЕ ИНДУСТРИАЛДЫ-КӘСІПТІК КОЛЛЕДЖІ

Ақтөбе индустриалды-кәсіптік колледжінде «Инсайт» ресурс клубы жобасы аясында тренинг ұйымдастырылды.

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Гүлжанат Сейітова оқытушылармен «Педагогтің кәсіби күйреуінің алдын алу» тақырыбында мазмұнды жұмыс өткізді.

 Іс-шара педагогтерге эмоциялық қажу мен кәсіби жанудың алдын алу жолдарын түсіндіріп, сондай-ақ оны еңсеруге көмектесетін ішкі және сыртқы ресурстармен таныстыру және оларды тәжірибеде тиімді қолдануға бағытталды.

Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, «Кешірім жәшігі», «Кәсіби жануға қарсы 5 ресурс» жаттығулары арқылы кәсіби күйзелісті басқарудың тиімді тәсілдерін меңгерді.

Тренинг педагогтердің психологиялық саулығын нығайтып, кәсіби мотивациясын арттыруға және жұмыс сапасын жақсартуға оң ықпал етті.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап