ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығында Ақтөбе облысы мектептерімен онлайн форматында жиын өтті. Оған ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің үйлестірушісі Әлия Жекенова, өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл Айгүл Нұркеева, облыстық балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Әліби Латып, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Асхат Ізбасар және «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының директоры Меруерт Жұбандықова, сондай-ақ мектеп директорлары, психологтар мен әлеуметтік педагогтар қатысты.
Жиында балаларға көрсетілетін психологиялық және әлеуметтік көмектің сапасын талдау және жетілдіру мәселелері қаралды.
Кездесу барысында диагностика нәтижелері қаралып, анықталған және бақылауға алынған балалар саны салыстырылды. Әлеуметтік санаттар бойынша мәліметтер тексеріліп, сәйкессіздіктер анықталған мектептерге қысқа мерзім ішінде ақпаратты толықтыру тапсырылды.
Бұл жұмыс әрбір балаға уақытылы әрі тиімді көмек көрсетуге бағытталды.Қазіргі таңда облыстың барлық аудандарымен онлайн форматында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.