Жаңалықтар

image description
image description
icon

ҰЛТТЫҚ КИІМ — ҰЛТ АЙНАСЫ

Ақтөбеде Наурызнама күнделігінің Ұлттық киім күні аясында «Ұлттық киім — ұлт айнасы» атты байқау өтті.

Шараға «JAN AHUAL психологиялық қолдау орталығынң әдіскері, Қазақстан қолөнершілер одағының мүшесі Лаура Бердібекова әділқазылар алқасының мүшесі ретінде қатысып, қатысушылардың өнеріне кәсіби баға берді.

Ұлттық киім байқауына облыстың 12 ауданынан үміткерлер қатысып, бір алаңда ұлттық сән мен дәстүрді кеңінен насихаттады.

Мәдени шара «Қазақ халқына мың алғыс» стелласы алаңында өтті.

Байқауда жеке қатысушылар, шығармашылық ұжымдар және отбасылар қатысып, ұлттық нақыштағы киім үлгілерін көпшілікке ұсынды. Қатысушылар дәстүр мен заманауи этно-стильді үйлестірген тың образдарын таныстырып, бірнеше номинация бойынша бақ сынады.

Қазылар алқасы ұлттық нақыштың сақталуына, киімнің көркемдік деңгейіне, образдың тұтастығы мен сахналық мәдениетіне ерекше мән берді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай форматтағы шаралар өңірлер арасындағы мәдени байланысты нығайтып қана қоймай ұлттық өнердің заманауи бағытта дамуына да зор ықпал етеді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап