Жаңалықтар

image description
icon

СҮЙЕМЕЛДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛЕДІ

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығында Темір, Ырғыз, Хромтау және Байғанин аудандарымен онлайн форматта түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аталған жұмыстар тәуекел тобындағы оқушыларды сүйемелдеу сапасын арттыруға және оларға уақытылы, тиімді қолдау көрсетуге бағытталды.
Іс-шараға өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл Айгүл Нұркеева, облыстық балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Әліби Латып, орталық директоры Меруерт Жұбандықова, сондай-ақ аталған аудандардың білім бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, психологтар, әлеуметтік педагогтар және сынып жетекшілері қатысты.
Жиын барысында ерекше назарды қажет ететін білім алушыларды анықтау және оларды жүйелі түрде сүйемелдеу жұмыстарын үйлестіруге басымдық берілді.
Ерекше назарды қажет ететін білім алушылардың тізімін сапалы қалыптастырып, тәуекел аймақтарын дер кезінде анықтау және оларды тұрақты түрде жаңартып отыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, осы санаттағы балалармен жүргізілетін жұмыстың тиімділігіне тұрақты мониторинг жұмыстарын жүргізу қажеттілігі де атап өтілді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап