«ИНСАЙТ» РЕСУРС КЛУБЫ: АҚТӨБЕ КӨЛІК, БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ
Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінде «Инсайт» ресурс клубы жобасы аясында тренинг ұйымдастырылды.
Мақсаты — педагогтерге эмоциялық қажу мен кәсіби жанудың алдын алу жолдарын түсіндіру, сондай-ақ оны еңсеруге көмектесетін ішкі және сыртқы ресурстармен таныстырып, оларды тәжірибеде тиімді қолдануға бағыт-бағдар беру.
Іс-шараны «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Гүлжанат Сейітова жүргізіп, оқытушылармен «Педагогтің кәсіби күйреуінің алдын алу» тақырыбында мазмұнды жұмыс өткізді.
Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, «Кешірім жәшігі», «Кәсіби жануға қарсы 5 ресурс» жаттығулары арқылы кәсіби күйзелісті басқарудың тиімді тәсілдерін меңгерді.
Тренинг педагогтердің психологиялық саулығын нығайтып, кәсіби мотивациясын арттыруға және жұмыс сапасын жақсартуға ықпал етті.
Қорытындылай келе, мұндай тренингтер педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, олардың эмоционалдық тұрақтылығын сақтауда маңызды рөл атқарады.