Жаңалықтар

image description
icon

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТОБЫНДАҒЫ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ СҮЙЕМЕЛДЕУ САПАСЫН АРТТЫРУ

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығында Ақтөбе қаласы мектептерімен онлайн форматта түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар педагогикалық бақылау тобындағы білім алушыларды сүйемелдеу сапасын арттыруға және оларға уақытылы, тиімді қолдау көрсетуге бағытталды.

Іс-шараға өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл Айгүл Нұркеева, облыстық балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Әліби Латып, орталық директоры Меруерт Жұбандықова, сондай-ақ қалалық білім бөлімінің басшысы, мектеп директорлары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, психологтер, әлеуметтік педагогтер және сынып жетекшілері қатысты.

 Жиын барысында ерекше назарды қажет ететін оқушыларды анықтау және оларды жүйелі түрде сүйемелдеу жұмыстарын үйлестіруге басымдық берілді.

Сонымен қатар, аталған санаттағы білім алушылардың тізімін сапалы қалыптастыру, тәуекел аймақтарын дер кезінде анықтау және оларды тұрақты түрде жаңартып отыру мәселелері талқыланды.

 Осы бағыттағы жұмыстардың тиімділігін арттыру үшін тұрақты мониторинг жұмыстарын жүргізу қажеттілігі де атап өтілді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап