«ИНСАЙТ» РЕСУРС КЛУБЫ: АҚТӨБЕ ЖОҒАРЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінде «Инсайт» ресурс клубы аясында тренинг ұйымдастырылды.
Аталған тренинг педагогтердің кәсіби әл-ауқатын нығайтып, жұмысқа деген мотивациясын арттыруға және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға бағытталды.
Іс-шараны «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Гүлжанат Сейітова жүргізіп, педагогтермен «Педагогтің кәсіби күйреуінің алдын алу» тақырыбында мазмұнды жұмыс өткізді.
Тренинг барысында қатысушылар эмоциялық қажудың себептері мен белгілерін талдап, оның алдын алу жолдарымен танысты. Сонымен қатар педагогтер өздерінің ішкі ресурстарын анықтап, оларды тиімді пайдалану дағдыларын меңгерді.
«Кешірім жәшігі», «5 ресурс» жаттығулары орындалып, қатысушылар күйзелісті басқару, эмоционалдық тепе-теңдікті сақтау тәсілдерін тәжірибе жүзінде игерді.