ТӘУЕКЕЛ ТОБЫНА ЖАТАТЫН ОҚУШЫЛАРДЫ ПСИХОӘЛЕУМЕТТІК СҮЙЕМЕЛДЕУ БОЙЫНША ВЕБИНАР ӨТТІ
Түркістан облысының білім басқармасы «Түркістан облысы психологиялық қолдау орталығы» КММ директоры Оразкүл Шайхықызының қолдауымен Созақ ауданының білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогтеріне «Білім беру ұйымдарында тәуекел тобына жататын оқушыларды психоәлеуметтік сүйемелдеу» тақырыбында онлайн вебинар ұйымдастырылды. Аталған вебинарға 26 әлеуметтік педагог қатысты.
Вебинардың мақсаты – тәуекел тобына жататын оқушыларды ерте анықтау, олардың әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету, сондай-ақ оқу процесіне табысты қатысуына жағдай жасау үшін кешенді психологиялық және әлеуметтік қолдау жүйесін ұйымдастыру.
Вебинар барысында орталықтың психологиялық жұмыс бөлімінің әлеуметтік педагогы Айжан Ташимова «Білім беру ұйымдарында тәуекел тобына жататын оқушыларды психоәлеуметтік сүйемелдеу» тақырыбында баяндама жасап, білім беру ұйымдарындағы тәуекел тобына жататын оқушыларды анықтау, олармен жүйелі жұмыс жүргізу және психоәлеуметтік қолдау көрсету мәселелерін түсіндірді.
Сонымен қатар, тәуекел тобындағы оқушыларды ерте кезеңде анықтау мақсатында бақылау, сауалнама, әңгімелесу сияқты әдістерді қолданудың маңыздылығы атап өтілді. Мұндай вебинарлар әлеуметтік педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыруға, тәуекел тобына жататын оқушыларға дер кезінде психоәлеуметтік көмек көрсетуге үлкен мүмкіндік береді.