«ИНСАЙТ» РЕСУРС КЛУБЫ: №2 БАДАМША ОРТА МЕКТЕБІ
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Гүлжанат Сейітова «Инсайт» ресурс клубы аясында Қарғалы ауданындағы №2 Бадамша орта мектебінің педагогтеріне арналған «Эмоциялық қажу мен кәсіби жануға қарсы 5 ресурс» тақырыбында топтық тренинг өткізді.
Мақсат — педагогтердің эмоционалдық қажуы мен кәсіби күйреуінің алдын алып, психологиялық саулығын нығайту және ішкі ресурстарын толықтыру.
Тренинг барысында «Оркестр» жаттығуы мен «Кешірім жәшігі» техникасы қолданылып, түрлі ресурстық жаттығулар жүргізілді.
Педагогтер тренингке белсенді қатысып, тәжірибелерімен бөлісті.
Мұндай кездесулер педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, психологиялық саулығын нығайтуға үлкен үлес қосады.
Поделиться: