Жаңалықтар

image description
icon

«EQ-LAB» ЖОБАСЫ: ҚАРҒАЛЫ АУДАНЫ

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Ботагөз Қосмағамбетова «EQ-Lab» студиясы жобасы аясында Қарғалы ауданының 3-4 және 7-11-сынып оқушыларына «Бір-бірін қолдау — буллинг пен селфхармның профилактикасы» тақырыбында тренинг өткізді.
Кездесу балалардың өзара сыйластығын арттырып және қауіпсіз психологиялық орта қалыптастыруға бағытталды.
Іс-шара барысында «Қауіпсіз алақан», «Менің қолдау сөзім», «Қолдау шеңбері» жаттығулары ұйымдастырылып, оқушылар бір-біріне жанашырлық таныту мен қолдау көрсетудің маңызын сезінді.
Сонымен қатар, тақырып бойынша бейнероликтер көрсетіліп, оқушылармен кері байланыс жұмыстары жүргізілді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап