ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА АНТИБУЛЛИНГ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМЫ ӨТТІ
Қостанай облысында «Кәмелетке толмағандардың қауіпсіз ортасын қалыптастырудың заманауи тәсілдері» атты семинар-практикумдар сериясы («ДосболLIKE» бағдарламасы аясында) жалғасуда. Бұл іс-шаралар педагогтармен қатар ата-аналар қауымын да кеңінен қамтып, облыстың көптеген өңірлерінде сәтті өткізілді. Осындай кәсіби кездесулердің бірі жақында Қарабалық ауданында ұйымдастырылды. Семинарды Өңірлік психологиялық қолдау орталығы (ПҚТЖӨОӘОжТЖ) мен білім бөлімдері бірлесіп өткізді.
– Бұл педагогтар, психологтар және мектеп басшылары бас қосып, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мен қауіпсіз, психологиялық жайлы білім беру ортасын қалыптастырудағы тиімді тәжірибелерді талқылаған ашық диалог алаңы болды, – деді ҚОӘ ББ ПҚТЖӨОӘОжТЖ директоры Елена Петренко. – Негізгі баяндаманы өзім жасадым, ал аудандық білім бөлімінің басшысы Д.С. Сапанова «ДосболLIKE» бағдарламасының аудан мектептерінде жүзеге асырылуы туралы баяндап, біздің орталықпен өзара іс-қимыл мәселелеріне тоқталды. Бұл семинардың ерекшелігі – практикалық жұмыстарға басымдық берілуі. Әртүрлі секциялар ұйымдастырылып, сынып жетекшілері, мамандар және ата-аналар жұмыс істеді. Суицидтік тәуекел белгілерін ерте анықтау, мұндай жағдайларда педагогтың әрекет ету алгоритмі талқыланды. Қатысушылар нақты жағдайларды (кейстерді) талдап, тәжірибе алмасты.
Қарабалық ауданы әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы А.С. Альжанова «Мобильді топ іс-әрекетте: мәселелерді шешуге көмек» тақырыбында ақпараттық сағат өткізді. Ал оқушылардың ата-аналары үшін дәстүрлі түрде «Отбасы мен мектеп: сенім аумағы» атты «Тиімді өзара іс-қимылдың ата-аналар шеберханасы» шеберлік сабағы қызықты өтті. Жалпы семинарда ата-аналармен серіктестікке – қауіпсіз ортаны қалыптастырудың негізгі факторы ретінде ерекше көңіл бөлінді.
Семинардың шарықтау шегі педагогтар, ата-аналар және оқушылар дайындаған әсерлі концерттік бағдарлама болды. Сондай-ақ педагогтар Өңірлік орталықтың алғыс хаттарымен марапатталып, спикерлерге сертификаттар табысталды. Аудан педагогтарына ПҚТЖӨОӘО-ның «Психология және тәрбие» журналы да үлестірілді. Әріптестердің айтуынша, бұл басылымды олар әрдайым қызығушылықпен күтеді.
Облыстық деңгейдегі іс-шара жоғары деңгейде өтті. Семинарға қатысқан әрбір адам, балалар үшін қауіпсіз орта – өзімізден басталады деген басты ойды түсінді.