Жаңалықтар

image description
icon

БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ — СЕНІМДІ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының «Сенім көпірі» облыстық жобасы аясында Ақтөбе қаласы Х.Доспанова атындағы №14 орта мектебінде ата-аналарға арналған «Бақытты отбасы — сенімді болашақ кепілі: отбасы құндылықтары мен өзара түсіністіктің рөлі» тақырыбында интерактивті семинар өтті.

Ice-breaker бөлімінде орталықтың таныстырылым бейнеролигі көрсетіліп, мектеп оқушылары өнер көрсетті.

Орталықтың әлеуметтік педагогі Алмажан Қоғамбаева «Отбасы құндылығы — бақытты болашақ кепілі» тақырыбында баяндама жасап, ата-аналардың ішкі мүмкіндіктерін тану жолдарын түсіндірді.

Сонымен қатар отбасындағы тиімді қарым-қатынас, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, эмоционалдық қолдау көрсету және жанжалдарды дұрыс шешу жолдары қамтылды.

Networking практикалық бөлімінде «Ашық диалог» форматында сұрақ-жауап алаңы ұйымдастырылды. Ата-аналар еркін пікір алмасып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар соңында қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, маңызды ой түйді. Кездесу еркін әрі ашық форматта өтті.


Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап