Жаңалықтар

image description
image description
image description
icon

ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ: ОЙЫЛ, БАЙҒАНИН, ЫРҒЫЗ АУДАНДАРЫ

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскерлері Гүлжанат Сейітова, Таңшолпан Жаңаберген және Айдана Мырзаханова Ойыл, Байғанин, Ырғыз аудандарындағы білім беру ұйымдарының оқушыларымен онлайн форматта кездесу өткізді.

Оған Ойыл ауданының Қаракөл, Құбасай, Құрманов бастауыш, Байғанин ауданының Қосарал негізгі және Ырғыз ауданының Мамыр, Нарқызыл, Қарасай, Дүкен негізгі орта мектептерінің оқушылары белсенді қатысып, қызығушылық танытты.

Іс-шара барысында балалардың эмоционалдық жағдайын нығайтуға ерекше назар аударылды.

«Қауіпсіз алақан» жаттығуы және тыныс алу жаттығулары жүргізілді.

Бұл жаттығулар оқушыларға өз сезімдерін түсініп, ішкі күйзелісті азайтуға және психологиялық тұрақтылықты қалыптастыруға көмектесті.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап