ҚАУІПСІЗ ТҰРЫС ТУРАЛЫ САБАҚ САҒАТЫ ӨТТІ
Алматы қаласындағы №202 гимназияда оқушылардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған сынып сағаттары өткізілді. Іс-шаралар барысында «Адал азамат», «Көмек», «ДосболLIKE» тақырыптары, сондай-ақ жеке қауіпсіздік пен жол қозғалысы ережелері қарастырылды.
Оқушылармен адалдық, жауапкершілік, өзара құрмет және әрқашан көмек көрсетуге дайын болу сияқты маңызды құндылықтар талқыланды. Күнделікті өмірде қауіпсіздік қағидаларын сақтау мен жолдағы мәдениет мәселелеріне айрықша көңіл бөлінді.
Сынып сағаттары интерактивті форматта өтті: оқушылар пікірталасқа белсенді қатысып, жағдаяттарды талдап, өз ойларымен бөлісті. Мұндай іс-шаралар жауапты тұлғаны қалыптастыруға және мектепте қауіпсіз әрі ізгі орта құруға ықпал етеді.