Жаңалықтар

image description
image description
image description
icon

«СЕНІМ КӨПІРІ» ЖОБАСЫ: Ә.ЕРМЕКОВ АТЫНДАҒЫ №23 ОРТА МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының «Сенім көпірі» облыстық жобасы аясында Ақтөбе қаласы Ә.Ермеков атындағы №23 орта мектеп-лицейінде ата-аналарға арналған «Бақытты отбасы — сенімді болашақ кепілі: отбасы құндылықтары мен өзара түсіністіктің рөлі» тақырыбында интерактивті семинар өтті.

Іс-шараның мақсаты — отбасы институтының маңыздылығын арттыру, ата-аналар мен балалар арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайту, сондай-ақ ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеу.

«Ice-breaker» бөлімінде орталық директорының орынбасары Майра Сәрсенғалиева орталықтың қызметі туралы баяндама жасап, таныстырылым бейнеролигі көрсетілді. Сонымен қатар, ата-аналарға «Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың баланың психологиялық дамуына әсері» тақырыбында мазмұнды баяндама ұсынылды.

Орталықтың әлеуметтік педагогі Алмажан Қоғамбаева «Отбасы құндылығы — бақытты болашақ кепілі» тақырыбында баяндама жасап, ата-аналардың ішкі мүмкіндіктерін тану жолдарын түсіндірді.

Сондай-ақ, отбасындағы тиімді қарым-қатынас, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, эмоционалдық қолдау көрсету және жанжалдарды дұрыс шешу жолдары кеңінен қамтылды.

«Networking» практикалық бөлімінде «Аяқталмаған сөйлем», «Ашық диалог» форматында сұрақ-жауап алаңы ұйымдастырылып, ата-аналар еркін пікір алмасты,  тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар соңында қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, ризашылықтарын білдірді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап