Жаңалықтар

image description
icon

ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскерлері Лаура Бердібекова мен Ботагөз Қосмағамбетова Темір ауданының Кеңкияқ орта мектебінде «EQ-LAB» жобасы аясында оқушылармен кездесті.

Іс-шара барысында оқушыларға эмоция мен сезім туралы түсінік беріліп, олардың айырмашылығы мен маңызы түсіндірілді. Балалар өз көңіл күйін тану, сезімдерін дұрыс жеткізу және басқалардың эмоциясын түсіну дағдыларын дамытты.

Тыныс алу жаттығулары арқылы эмоционалдық күйді реттеу, тыныштану және ішкі тепе-теңдікті сақтау жолдары көрсетілді. Сонымен қатар, эмоциялық күйді реттеуге байланысты қарапайым әрі тиімді кеңестер берілді.

«Эмоцияны көрсет», «Жылы сөздер шеңбері», «Эмоция бұрыштары» жаттығулары оқушылардың белсенділігін арттырып, жағымды қарым-қатынас орнатуға ықпал етті.

«Менің болашағым» бөлімі қатысушыларға өз мақсаттарын айқындап, болашаққа нық сеніммен қарауға бағыт-бағдар берді.

«Таңдау мен жауапкершілік» тақырыбы дұрыс шешім қабылдау және жауапкершілікті сезіну дағдыларын дамытуға арналды.

Нәтижесінде балалар өз эмоцияларын жақсырақ түсініп, оларды басқару дағдыларын меңгеріп, ішкі сенімділік пен өзара қолдау атмосферасын сезінді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап