Жаңалықтар

image description
icon

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ БАЛА ПСИХИКАСЫНА ӘСЕРІ

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының психологі Нұргүл Қалданова облыстық арнайы мектеп-интернат-колледж кешенінің ата-аналарына арналған «Зорлық-зомбылықтың психологиялық салдары» атты дөңгелек үстел өткізді.

Мақсат — ата-аналарға зорлық-зомбылықтың бала психикасына тигізетін кері әсерін түсіндіріп, оның алдын алу жолдарын қарастыру және отбасындағы қауіпсіз, қолайлы орта қалыптастырудың маңыздылығын ұғындыру.

Тренинг барысында ата-аналар зорлық-зомбылықтың түрлері мен оның салдары туралы ақпарат алып, түрлі жағдаяттарды талқылады. Сондай-ақ, тиімді қарым-қатынас орнату, баланы түсіну және қолдау көрсету жолдары бойынша тәжірибелік жаттығулар орындалды.

Нәтижесінде қатысушылар өздерінің ата-аналық дағдыларын жетілдіріп, бала тәрбиесінде зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынас орнатудың маңыздылығын түсінді. Сонымен қатар, күнделікті өмірде қолдануға болатын нақты әдіс-тәсілдерді меңгерді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап