«ӨРКЕН» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты»
КеАҚ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мемлекеттік тапсырма бойынша «Білім беру ұйымдарында буллингтің алдын алу бағдарламасының ғылыми-практикалық негіздері» білім беру бағдарламасы бойынша орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған 80 сағаттық қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарының 2026 жылдың 12 мамыры басталатынын хабарлайды.
Курстың мақсаты: білім алушылардың жобалық іс-әрекеті негізінде білім беру ұйымдарында жәбірлеудің (буллингтің) алдын алу және қарсы іс-қимыл жүйесін тиімді іске асыру бойынша орта білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттерін жетілдіру.
Курстың өткізілу мерзімі: 12-22 мамыр 2026 жыл
Оқыту тілдері: мемлекеттік, орыс.
Оқыту формасы: күндізгі.
Мақсатты аудиториясы: орта білім беру ұйымдарының педагогтері.
Курс соңында тыңдаушыларға сертификат беріледі.