АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ДӘРІС
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскерлері Лаура Бердібекова мен Назерке Өтептің ұйымдастыруымен Темір ауданының Кеңкияқ орта мектебінде ата-аналарға арналған «Әрбір бала — бір әлем» тақырыбында ақпараттық дәріс өтті.
Дәріс барысында әр баланың жеке тұлға екені, оның қабілеті, мінез-құлқы мен эмоциялық ерекшеліктері ерекше құндылық екені кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар ата-аналарға бала тәрбиесінде түсіністік таныту, қолдау көрсету, сенімді қарым-қатынас орнату және баланың ішкі жан дүниесін түсінудің маңыздылығы айтылды.
Кездесу барысында ата-аналар өзара пікір алмасып, тәрбиедегі маңызды қадамдар жөнінде пайдалы ақпараттар алды.
Поделиться: