Жаңалықтар

image description
icon

ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ИНТЕЛЛЕКТ

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскерлері Лаура Бердібекова мен Назерке Өтеп Темір ауданы Кеңкияқ орта мектебінің педагогтері мен оқушыларына арналған «Эмоционалдық интеллект» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Кездесу барысында педагогтер мен оқушыларға эмоционалдық тұрақтылықты арттыруға бағытталған түрлі психологиялық жаттығулар мен терапиялық техникалар ұсынылды.

Қатысушылар өз сезімдерін тану, қабылдау және басқару жолдарын тәжірибе арқылы меңгеріп, ішкі ресурстарын нығайтуға арналған жұмыстар жүргізді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап