ЭМОЦИЯЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскерлері Лаура Бердібекова мен Назерке Өтеп Темір ауданы Кеңкияқ орта мектебінің оқушыларына «Эмоциялық тұрақтылықты дамыту» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
Кездесу барысында оқушылар көңіл-күйді тану, сезімдерді дұрыс жеткізу және өзгенің эмоциясын түсіну дағдыларын дамытуға арналған түрлі жаттығулар жасады.
Сонымен қатар тыныс алу жаттығулары арқылы эмоционалдық күйді реттеу, тыныштану және ішкі тепе-теңдікті сақтау жолдары көрсетілді.
Поделиться: