Жаңалықтар

image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
icon

Абай облысында педагог-психологтарға арналған «Психологиялық қауіпсіздік: шешімдер технологиясы» облыстық хакатоны өтті

2026 жылғы 19 мамырда Абай облысы білім басқармасының «Өңірлік психологиялық қолдау әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастыруымен педагог-психологтарға арналған «Психологиялық қауіпсіздік: шешімдер технологиясы» атты облыстық хакатон алғаш рет өтті.

Қазіргі таңда білім беру ұйымдарында білім алушылардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, эмоционалдық әл-ауқатын сақтау және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру-өзекті мәселелердің бірі. Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер, ақпараттық кеңістіктің қарқынды дамуы, балалар мен жасөспірімдердің эмоционалдық жүктемесінің артуы педагог-психологтардың кәсіби қызметіне жаңа талаптар қоюда. Осы бағытта мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, психологиялық қолдаудың тиімді тәсілдерін тәжірибеде қолдану және инновациялық шешімдерді әзірлеу ерекше маңызға ие.

Іс-шараның мақсаты - білім беру ұйымдарына енгізуге арналған білім алушыларды психологиялық сүйемелдеудің тиімді, тәжірибеге бағытталған және ауқымды модельдерін әзірлеу мен іріктеуге ықпал ету.

Хакатонға облыстағы мектепке дейінгі және орта білім беретін ұйымдарының педагог-психологтары командалық форматта қатысты. Қатысушылар кәсіби тәжірибе алмасып, психологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған заманауи тәсілдер мен тың идеяларды ұсынды. Командалар білім беру ұйымдарында туындайтын психологиялық қиындықтарды шешудің тиімді жолдарын қарастырып, тәжірибелік жобаларын қорғады.

Хакатон барысында қатысушылар буллингтің алдын алу, білім алушылардың эмоционалдық тұрақтылығын дамыту, психологиялық кеңес беру, педагог-психологтарды кәсіби қолдау, арт-терапия, сенсорлық интеграция және қауіпті мінез-құлықтың алдын алу бағытындағы инновациялық жобаларды ұсынып, тәжірибеге бағытталған тиімді шешімдермен бөлісті.

Хакатон қорытындысы бойынша үздік жобалар анықталып, жеңімпаздар марапатталып, қатысушыларға арнайы сертификат табысталды. Осындай кәсіби іс-шаралар педагог-психологтардың әлеуетін арттырып қана қоймай, білім алушылардың жан-жақты дамуына және олардың психологиялық саулығын сақтауға бағытталған тиімді бастамалардың жүзеге асуына жол ашады.



Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап