КӘСІБИ ШЕБЕРЛІКТЕРІН АРТТЫРДЫ
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығында педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру және психологиялық қызмет сапасын жетілдіру мақсатында «Іздену. Өсу. Нәтиже» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
Семинарға Мұғалжар және Алға аудандарының педагог-психологтері қатысып, үздік жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шараны орталық әдіскері Лаура Бердібекова жүргізді.
Орталық директоры Меруерт Жұбандықова педагогикалық қауымдастық арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Алға ауданы Бестамақ «Болашақ» балабақшасының педагог-психологі Нұргүл Шамшина «Балабақшадағы гипербелсенді балалармен түзету-дамыту жұмыстарын жүргізудің әдіс-тәсілдері» тақырыбында тәжірибесімен бөлісті. Гипербелсенді балалардың шығармашылығын дамыта отырып, мәдениетке баулудың тиімді жолдарын көрсетті, топтық жаттығулар ұйымдастырды.
Мұғалжар ауданы №3 Ембі орта мектебінің педагог-психологі Раушан Нұрмағамбетова «Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға арналған заманауи әдіс-тәсілдер» тақырыбында түзету-дамыту жұмыстарының тиімді бағыттарын ортаға салды.
Семинар соңында іс-тәжірибелерімен бөліскен мамандарға Алғыс хаттар табысталды.