ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскерлері Лаура Бердібекова мен Таңшолпан Жаңаберген Кеңкияқ орта мектебінің педагог-психологтеріне әдістемелік көмек көрсетті.
Аталған жұмыстар аясында педагогикалық-психологиялық қызмет бойынша құқықтық-нормативтік құжаттарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, тәуекел тобындағы білім алушыларды сүйемелдеу, бақылау және кеңес беру жұмыстарының сапасын арттыруға, оларға уақытылы әрі тиімді қолдау көрсетуге басымдық берілді.
Поделиться: