ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК: ШАЛҚАР, ӘЙТЕКЕ БИ, ЫРҒЫЗ АУДАНДАРЫ
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығында Шалқар, Әйтеке би және Ырғыз аудандарының педагогтеріне оқу жылының аяқталуы мен жазғы демалысты ұйымдастыру мәселелеріне байланысты әдістемелік көмек көрсету жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бағыты бойынша құжаттарды рәсімдеу тәртібі, жұмыс жүргізу алгоритмдері және кәсіби бағдар беру мәселелері жан-жақты түсіндіріліп, тәжірибелік ұсыныстар берілді.
Сонымен қатар педагогтердің сұрақтарына жауап беріліп, қажетті әдістемелік қолдау көрсетілді.
Поделиться: