Жаңалықтар

image description
icon

БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ — ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығы директорының орынбасары Майра Сәрсенғалиева мен психолог Нұргүл Қалданова Ақтөбе техникалық-технологиялық колледжінің педагогтеріне «Бала қауіпсіздігі — ортақ жауапкершілік» тақырыбында тренинг өткізді.

Тренинг барысында қатысушылар арт-терапиялық және топтық жаттығулар орындап, кәсіби қызметте кездесетін эмоционалдық жүктемелерді еңсеру жолдарын талқылады.

Іс-шара педагогтердің эмоционалдық ресурстарын нығайтып, ұжымдағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты арттыруға ықпал етті.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап