ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК: АЛҒА, МҰҒАЛЖАР АУДАНДАРЫ
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығында Алға, Мұғалжар аудандарының педагогтеріне оқу жылының аяқталуы мен жазғы демалысты тиімді ұйымдастыру мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.
Кездесу барысында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бағытындағы құжаттарды рәсімдеу тәртібі, жұмыс жүргізу алгоритмдері және кәсіби бағыт-бағдар беру мәселелері жан-жақты түсіндіріліп, тәжірибелік ұсыныстар берілді.
Сондай-ақ, мамандардың сұрақтарына жауап беріліп, қажетті әдістемелік қолдау көрсетілді.
Поделиться: