ДАҒДАРЫС ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ПЕДАГОГ ПЕН АТА-АНАНЫҢ РӨЛІ
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскерлері Лаура Бердібекова мен Назерке Өтеп Матайқұм орта мектебінде ата-аналар мен педагогтерге арналған «Дағдарыс жағдайындағы педагогтың рөлі» және «Балалық шақ: эмоция және тепе-теңдік» тақырыптарында семинар-тренинг өткізді.
Қатысушылар эмоцияларды тану және басқару, кәсіби шаршаудың алдын алу, ішкі тепе-теңдікті сақтау жолдарын талқылады. Сондай-ақ, педагогикалық-психологиялық қызмет сапасын арттыру мақсатында түрлі кейстерге талдау жасап, топтық практикалық жұмыстар орындады. Қатысушыларға пайдалы кеңестер мен жадынамалар ұсынылды.
Шара соңында ата-аналар мен педагогтер бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі, ұлттық құндылықтарға негізделген тәлім-тәрбие туралы ашық пікір алмасты. Тәжірибелерімен бөлісіп, ізгі тілектерін білдірді.