«ЕШКІМГЕ МҰҚТАЖ БОЛМАЙТЫНДАЙ ДЕҢГЕЙГЕ ЖЕТКІЗУ»: ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІН АШУДЫҢ ЖОЛЫ ҚАНДАЙ?
Баланың физикалық және эмоционалдық дамуын қалай дұрыс бағалауға болады? Ерекше балалармен жұмыс барысында сенім қалыптастырудың маңызы неде? Ал жаттығу жасаудан бас тартқан баланы процесске қалай қайта тартуға болады?
Осы және өзге де маңызды сұрақтарға емдік дене шынықтыру (АФК) маманы Хожабай Мейірбек Советұлы жауап береді. Бес жылдан астам тәжірибесі бар маман ерекше балалармен жұмыс істеудегі негізгі қағидалармен бөлісіп, әр баланың мүмкіндігін ашудағы жеке көзқарастың, ата-анамен серіктестіктің және эмоционалдық қолдаудың рөлі туралы әңгімелейді.
Сұхбат барысында маман балалардың дамуымен қатар, олардың әлеуметтік ортадағы орнына да алаңдаушылық білдіреді: «Мені қынжылтатыны – қазіргі қоғамда мейірім мен түсіністіктің азайып бара жатқаны. Кей адамдар ерекше балаларды немесе олардың ата-аналарын түсінуге тырыспай, «әркім өз мәселесін өзі шешсін» деген көзқараспен қарайды. Әрине, жанашыр жандар бар, бірақ жалпы қоғам ерекше балаларды толық қабылдауға әлі дайын емес сияқты. Бұл мені қатты алаңдатады. Себебі ертең ондай балалар мектепке барады, ортаға қосылады, ал дайын емес ортада олар буллингке тап болуы мүмкін. Бұл – ата-ана үшін өте ауыр соққы».
Материалда сондай-ақ алғашқы диагностика жүргізу ерекшеліктері, жеке жаттығу бағдарламасын құру, баланың сеніміне кіру тәсілдері және инклюзивті ортаны дамытудағы маңызды тәжірибелер жан-жақты қамтылған.
Толық сұхбатты журналдың жаңа санынан оқи аласыздар.
https://orken-instituty.kz/storage/app/uploads/public/6a2/6a8/323/6a26a832369eb654542263.pdf