ОНЛАЙН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУ
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығы директорының орынбасары Медеухан Жасжанова мен әдіскер Айдана Мырзаханова Байғанин ауданы Матайқұм орта мектебінің педагогтерімен онлайн форматта кездесу өткізді.
Педагогтерге психологиялық қолдау көрсету мақсатында «Кешірім хат» жаттығуы мен В.Сатирдің «Құмыра» техникасы практикалық түрде таныстырылып, іс-тәжірибеде қолдану жолдары көрсетілді.
Іс-шара барысында қатысушылар жаттығулар арқылы тәжірибе алмасып, эмоционалдық жай-күйді реттеу, тиімді қарым-қатынас орнату және психологиялық тұрақтылықты нығайту бағытындағы жұмыстарға белсенді қатысты.
Кездесу барысында педагогтің кәсіби қызметіндегі ынтымақтастық, қолдау көрсету және қамқорлық таныту маңызды жауапкершілік екені атап өтілді.