Жаңалықтар

image description
icon

«ПСИХОЛОГ КЕҢЕСІ» МЕДИА АЙДАРЫ: 256 ТІКЕЛЕЙ ЭФИР, 15 ПОДКАСТ, 153 МАҚАЛА

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығында Zoom платформасында қала және аудан әдіскерлерінің қатысуымен кезекті жиын өтті.

Оған орталық директорының орынбасары Медеухан Жасжанова мен баспасөз хатшысы Сағымбек Ұлықпанов қатысты.

Кездесу барысында өткен оқу жылында аудандар мен Ақтөбе қаласындағы мектептердің Instagram парақшаларында «Психолог кеңесі» медиа айдары аясында өткізілген тікелей эфирлер мен аудандық газеттерде жарияланған мақалалардың қорытындысы қаралды.

Медеухан Жасжанова медиа айдардың тиімділігіне тоқталып, алдағы уақытта жұмысты жетілдіруге бағытталған ұсыныстарын айтты. Ал Сағымбек Ұлықпанов атқарылған жұмыстардың қорытындысын таныстырды.

Айта кетейік, есепті кезеңде «Психолог кеңесі» медиа айдары аясында аудандар бойынша 256 тікелей эфир өткізіліп, 15 подкаст ұйымдастырылды және 153 мақала жарияланды.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап