"ҚОЛДАУ КҮНІ" ӨТТІ
Ақтөбе қаласының «Анаға тағзым» орталығында « Сен жалғыз емессің!» атты қолдау күні өтті.
Іс-шараның мақсаты - қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылар мен әйелдерге жан-жақты қолдау көрсету, мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмек шаралары туралы ақпараттандыру, сондай-ақ олардың өздерін жалғыз сезінбеуіне ықпал ету.
Қолдау күніне «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Лаура Бердібекова, сонымен қатар психологтер Жұлдыз Ибашева мен Роза Күшкінбаева қатысты. Олар келген қонақтарға психологиялық кеңес беріп, қажетті көмек көрсетті.
Іс-шара азаматтардың психологиялық әл-ауқатын нығайтуға және өмірлік қиындықтарды еңсеруге көмектесуге бағытталды.
Поделиться: