ЛАГЕР ДЕМАЛУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ТРЕНИНГ
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскерлері Гүлжанат Сейітова мен Айдана Мырзаханова Алға ауданы Бестамақ ауылындағы «Күншуақ» сауықтыру лагерінде демалушы балаларға арналған психологиялық тренинг өткізді.
Тренинг барысында балалар бірнеше топқа бөлініп, қызықты ойындар мен танымдық жаттығуларға белсенді қатысты. Барлық тапсырмалар бірлесіп әрекет етуге, өзара қолдау көрсетуге және тиімді қарым-қатынас орнатуға бағытталды.
Іс-шара соңында қатысушылар көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, достық, сыйластық пен ынтымақтастықтың маңызын тереңірек түсінді.
Балалардың жарқын эмоциясы мен белсенділігі тренингтің жоғары деңгейде өткенін көрсетті.
Поделиться: