ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ КЕМСІТУШІЛІК ПЕН ЖЫНЫСТЫҚ ҚУДАЛАУДЫҢ АЛДЫН АЛУ
Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде «Мемлекеттік органдарда әйелдерге қатысты кемсітушілікті және жыныстық қудалауды болдырмау» тақырыбында әйел қызметкерлермен кездесу өтті.
Кездесуге «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Лаура Бердібекова қатысып, спикер ретінде сөз сөйледі.
Іс-шара барысында әйелдерге қатысты кемсітушілік, жыныстық қудалау және зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері талқыланды. Қатысушыларға жұмыс орнында қауіпсіз әрі қолайлы психологиялық ахуал қалыптастырудың маңыздылығы түсіндірілді.
Сонымен қатар қолдау көрсету және психологиялық сүйемелдеу аясында тренингтік жаттығулар ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты.
Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.