«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Гүлжанат Сейітова мен психолог Нұргүл Қалданова «Шұғыла» сауықтыру лагерінде демалушы балаларға арналған психологиялық тренинг өткізді.
Шара барысында балалардың қарым-қатынас дағдыларын дамытуға, өзара сенімділігін нығайтуға және жағымды көңіл-күй қалыптастыруға бағытталған түрлі психологиялық жаттығулар мен қызықты ойындар ұйымдастырылды.
Қатысушылар ерекше белсенділік танытып, топтық жұмыстарға қызығушылықпен араласты. Тренинг барысында олар өз ойларын еркін жеткізіп, шығармашылық қабілеттерін көрсете білді.
Соңында балалар алған әсерлерімен бөлісіп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
Поделиться: