ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ: «ZHAS_MUNAISHY» ЛАГЕРІ
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының психологтары Роза Кушкинбаева мен Эльвира Ерманованың ұйымдастыруымен «Zhas_Munaishy» жазғы лагері аясында мектеп оқушыларына арналған психологиялық тренинг өтті.
Оқушылар бірнеше топқа бөлініп, психологиялық жаттығулар мен ұйымшылдықты, белсенділікті және шапшаңдықты талап ететін түрлі ойындарға қатысты. Балалар тапсырмаларды бірлесе орындау арқылы өзара сенімді қарым-қатынас орнатып, бір-біріне қолдау көрсетудің және көшбасшылық қабілеттерді дамытудың маңызын ұғынды.
Тренинг соңында қатысушылар жағымды әсер алды.
Поделиться: