Жаңалықтар

image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
icon

Іс-шара елордадағы №100 «Келешек мектебінде» ұйымдастырылды. Жиынның ашылу салтанатына ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қатысты.

Астанада 22–24 маусым аралығында «Келешек мектептері» жобасы аясында республикалық семинар өтіп жатыр. Жиын білім беру ұйымдарының тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары мен әдіскерлеріне арналған. Негізгі тақырып – «Халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары негізінде "Таза Қазақстан", "Заң және тәртіп" және "Адал азамат" бағдарламаларын ілгерілету».


Іс-шара елордадағы №100 «Келешек мектебінде» ұйымдастырылды. Жиынның ашылу салтанатына ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қатысты.


Семинардың негізгі мақсаты - мектептердегі тәрбие жұмысын жетілдіріп, оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру. Сондай-ақ қауіпсіз әрі сапалы білім беру ортасын құратын заманауи тәсілдерді енгізу көзделген.


Басқосу барысында қатысушылар оқыту мен тәрбие саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, өзара тәжірибе алмасуда. Сонымен қатар педагогикалық қызметті жақсартудың тиімді әдістері де назардан тыс қалмады.


Жиын аясында «Өркен» ұлттық ғылыми-практикалық институтының жетекші ғылыми қызметкері Аманғали Мұхтаров «DosbolLike: Мектептегі буллингті анықтау мен тоқтату алгоритмі» тақырыбында уоркшоп өткізді. Шеберлік сабағында буллингтің алдын алу, оны ерте бастан анықтап, тоқтату және мектепте психологиялық қауіпсіз орта қалыптастыру жолдары түсіндірілді.


Қатысушылар нақты жағдайларға негізделген практикалық тапсырмаларды орындап, топтық талқылау арқылы буллингке қарсы әрекет ету алгоритмдерін жан-жақты пысықтады.


Осылайша, республикалық семинар тәрбие сапасын арттырып, оқушылардың құқықтық әрі әлеуметтік қауіпсіздігін нығайтуға арналған маңызды диалог алаңына айналды.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап