Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қоғамдық қабылдау өткізді
🔵Қабылдау барысында білім беру саласына қатысты азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары қаралды.Атап айтқанда, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балаларды әлеуметтік қолдау, оның ішінде оқу шығындарын өтеу, түлектерді жұмыспен қамту және олардың тұрғын үй мәселелерін шешу бағытындағы мәселелер талқыланды.
🔵Сондай-ақ педагогтерді жұмысқа орналастыру, мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиешілерінің еңбек құқықтарының сақталуы және еңбекақы төлеу мәселелері қарастырылды.
🔵Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдері инклюзивті білім беруді дамытуға қатысты ұсыныстарын білдірді. Оның ішінде аутизм спектрі бұзылыстары және менталдық ерекшеліктері бар балаларды қолдау жүйесін жетілдіру мәселелері көтерілді.
☑️Қабылдау қорытындысы бойынша Жұлдыз Сүлейменова министрліктің салалық комитеттері мен құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына тиісті тапсырмалар берді.
🗣Барлық өтініштер бойынша қолданыстағы заңнама аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер министрдің бақылауына алынды.
❗️Айта кетейік, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова азаматтарды офлайн және онлайн форматтарда қоғамдық қабылдауды тұрақты түрде өткізеді. Қоғамдық қабылдау азаматтарды қабылдау жөніндегі мамандандырылған орталықта, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 16-кіреберіс мекенжайындағы Министрліктер үйінде өтеді.