ПОЗИТИВТІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУ
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Лаура Бердібекова Ақтөбе облыстық оқу-әдістемелік орталығында ата-аналар мен педагогтерге арналған «Ата-анамен серіктестік қарым-қатынас: ойын арқылы сенім мен ынтымақтастықты нығайту» тақырыбындағы облыстық семинарға қатысты.
Лаура Бердібекова «Отбасымен қоғамдағы позитивті қарым-қатынастар мәдениеті» тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, іс-тәжірибесімен бөлісті.
Іс-шара аясында отбасы мен білім беру ұйымдары арасындағы серіктестікті нығайту, ата-аналардың тәрбиелік әлеуетін арттыру және бала тәрбиесіндегі бірлескен жауапкершілікті қалыптастыру бағытында тиімді ұсыныстар мен тәжірибелік кеңестер берілді.
Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдерді талқылады. Семинар соңында мұндай тәжірибелік кездесулердің отбасы мен қоғам арасындағы оң қарым-қатынас мәдениетін дамытудағы маңызы зор екені атап өтілді.