🔰БАЛАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ БАСҚАРУ БОЙЫНША МАСТЕР-ТРЕНЕРЛЕРДІ ОҚЫТУ БАСТАЛДЫ
2026 жылдың 10-14 тамыз аралығында «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» КеАҚ ЮНИСЕФ-пен бірлесіп, «Баланы қорғау саласындағы жағдайды басқару» бағдарламасы бойынша мастер-тренерлерді даярлауға арналған 5 күндік ауқымды біліктілікті арттыру курсын бастады.
🔗Курстың басты мақсаты – балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік басқармалардың мамандары арасында алынған білімді сапалы жеткізу және тарату үшін жоғары білікті сарапшыларды даярлау.
📌Бұл бастама озық халықаралық тәжірибе мен ұлттық стандарттарды өзара үндестіруге бағытталып отыр. Аталған бағдарлама Қазақстандағы баланы қорғау жүйесінің тиімділігін арттырып, жұмыс үйлесімділігі мен мамандардың кәсіби деңгейін көтеру мақсатында арнайы әзірленді.
Іс-шараның ресми бөліміне БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстан Республикасындағы өкілі, доктор Рашед Мустафа Сарвар арнайы қатысып, өз ойымен бөлісті:
«Әрбір баланың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету – бәрімізге ортақ мақсат. Бұл оқу курсы жергілікті жерлерде еңбек етіп жүрген мамандардың кәсіби әлеуетін ұштап қана қоймай, өмірдің қиын кезеңіне тап болған әрбір балаға дер кезінде, сапалы әрі жүйелі түрде қол ұшын созудың берік іргетасын қалайды».
✅Оқу курсы барысында қатысушылар жағдайды басқару стандарттарын және бала мен отбасының жағдайын кешенді бағалауды терең меңгереді.
Сондай-ақ бағдарлама аясында баланың құқықтары мен үздік мүдделерін сақтау және қорғау мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге ерекше назар аударылады.