Жаңалықтар

image description
icon

Жұлдыз Сүлейменова мектептердің жаңа оқу жылына дайындығына арналған кеңес өткізді

📚Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова барлық өңірдің білім басқармаларының басшыларымен жаңа оқу жылына дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізді.

✍️Басты назар білім беру нысандарының жаңа оқу жылына дайындығына аударылды. Жаңа мектептер құрылысының барысы, жөндеу жұмыстары және қолданыстағы білім беру ұйымдарының оқушыларды қабылдауға дайындығы қаралды.

🔺Білім басқармаларының басшылары өңірлердегі құрылыс пен жөндеу жұмыстарының барысы, нысандардың дайындығы және шешуді қажет ететін мәселелер туралы баяндады.

✅Кеңес қорытындысы бойынша өңірлерге жұмыстардың мерзіми мен сапасын бақылауды күшейтіп, білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына толық дайындығын қамтамасыз ету тапсырылды.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап