Жаңалықтар

image description
image description
image description
image description
icon

АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТІҢ ҚЫЗМЕТІН ӘДІСТЕМЕЛІК СҮЙЕМЕЛДЕУ

✅10 тамызда Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Ауыл мектептеріндегі әлеуметтік педагогтің қызметін әдістемелік сүйемелдеу: педагогикалық, психологиялық және медициналық қызметтермен өзара іс-қимыл» тақырыбында онлайн-семинар ұйымдастырды.

📌Іс-шара аясында ауыл мектептеріндегі әлеуметтік педагогтердің қызметін ұйымдастыру мәселелері, олардың педагог-психологтармен және медициналық қызмет өкілдерімен өзара іс-қимылы, сондай-ақ білім алушыларды кешенді сүйемелдеу тәсілдері кәсіби тұрғыдан талқыланды.

🎯«Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтынан семинар жұмысына Балаларды әлеуметтік қорғау зертханасының басшысы Ерболат Шайланов қатысып, ауыл мектептеріндегі әлеуметтік педагогтің қызметін сүйемелдеу, оның педагогикалық, психологиялық және медициналық қызметтермен өзара іс-қимылы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

✅Семинар барысында әлеуметтік және психологиялық тәуекелдерді ерте анықтау, алдын алу жұмыстары, білім алушыларды жеке сүйемелдеу, сондай-ақ мамандар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылды.

Балаларды сүйемелдеуге кешенді тәсілді қалыптастыру, мамандар арасында жауапкершілік аймақтарын бөлу және қолдауға мұқтаж білім алушыларға уақтылы көмек көрсету қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

🖇️Семинар қатысушылары кәсіби тәжірибе алмасып, әлеуметтік педагогтердің, педагог-психологтардың, медицина қызметкерлерінің, әдіскерлер мен білім беру ұйымдары басшыларының өзара іс-қимылының практикалық тетіктерін талқылады.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап