«ӨРКЕН» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты»
КеАҚ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мемлекеттік тапсырма бойынша «Баланың ақпараттық қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасы бойынша орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған 80 сағаттық қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарының 2026 жылдың 17 тамызы басталатынын хабарлайды.
Курстың мақсаты: білім алушылардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы педагогтердің құзыреттерін дамыту.
Курстың өткізілу мерзімі: 17-28 тамыз 2026 жыл
Оқыту тілдері: мемлекеттік, орыс.
Оқыту формасы: күндізгі.
Мақсаттық аудиториясы: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтер, педагог-ұйымдастырушылар, орта білім беру ұйымдарының педагогтері.
Курс соңында тыңдаушыларға сертификат беріледі.